Ер адам баласының жынысын білу үшін әйелінің ішін орақпен кесіп тастаған

580

Оқиға Үндістанның Бадаюн қаласында болған. 

Ер адам баласының жынысын білу үшін әйелінің ішін орақпен кесіп тастаған Фото: freepik

Үндістандық азамат сегіз айлық жүкті әйелінің ішін кесіп тастап, өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты news9live порталына сілтеме жасап.

22 жыл бірге отасқан ерлі-зайыптылардың бес қызы болғанымен, ер адам ұлды қалаған. Мұрагердің болмауы жиі ұрыс-керіске әкеп соққан.

Оқиға болған күні ерлі-зайыптылардың арасында да баланың жынысына байланысты жанжал туындаған. Бір кезде отағасы әйеліне орақпен шабуылдап, қарсылық көрсеткеніне қарамастан, оның ішін кесіп алады.

Бұдан кейін әйел көшеге жүгіріп шыққан, оны дүкенде жұмыс істейтін ағасы көрген. Ер адам туысын ауруханаға жеткізген, ал күйеуі оқиға орнынан қашып кеткен. Дәрігерлер әйелге барлық қажетті көмекті көрсеткенімен, баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Жәбірленушінің күйеуінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Сотта Үндістан азаматы жарақаттың өзіне әйелі себеп болғанын алға тартты. Алайда сот әйелдің жағына шығып, ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу