Ер адам балық аулау кезінде желдің күшеюіне байланысты қамыс арасына ұшып кеткен

194

Іздеуге жедел-іздестіру тобы жұмылдырылып, қайықтар мен арнайы техникалар пайдаланылды.    

Ер адам балық аулау кезінде желдің күшеюіне байланысты қамыс арасына ұшып кеткен Фото: ҚР ТЖМ

20 сәуірде сағат 11-00 шамасында 1979 жылы туған ер адам балық аулауға шығып, қайтып оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті. Балықшының орналасқан жері туралы бір тәуліктен аса ешқандай ақпарат болмаған, телефон қоңырауларына жауап бермеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

21 сәуір күні сағат 17-00-де Жетісу облысы жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен балықшы Балқаш көлінде Борлы шығанағында табылды. Белгілі болғандай ер адам қайықпен балық аулау кезінде желдің күшеюіне байланысты қамыс арасына ұшырылған. Құтқарушылар балықшыны Лепсі ауылына жеткізді. Медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Сіз барғыңыз келетін аймақтың картасын зерттеуіңіз керек. Онда болған адамдармен кеңесіп, олардан ең қолайлы маршруттар бойынша ұсыныстар алыңыз. Қозғалыс бағыты бар таңбалауды, рельефтің сипатын, қиындықтарды, қауіптерді, су көздерін, қажет болған жағдайда маршруттан шығу мүмкіндігін мұқият зерттеңіз.

Сіз қайда бара жатқаныңыз, қозғалыс бағыты және болжамды қайту уақыты, сондай-ақ Сіз жақсы білетін кем дегенде екі адамға байланыс уақыты туралы ақпарат қалдыруыңыз керек. Қозғалыс бағытын өзгертпеңіз, өйткені жоспарланған уақытта байланысқа шықпаған жағдайда Сізді сол жерден іздейді. Осы тармақты орындауға байыпты қараңыз, өйткені төтенше жағдай туындаған жағдайда көмек Сізге қаншалықты тез келетініне байланысты.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда құтқару қызметінің тәулік бойғы "112" бірыңғай нөміріне немесе "101" нөміріне қоңырау шалыңыз, делінген Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу