Ер адам батыс өңірлерге есірткі тасу үшін жүк жеткізу қызметін пайдаланған

266

Күдікті Ақтау қаласында сәлемдемені алып жатқан сәтінде қылмыс үстінде ұсталды.

Ер адам батыс өңірлерге есірткі тасу үшін жүк жеткізу қызметін пайдаланған Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Маңғыстау облысы полиция департаментіндегі әріптестерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция қызметкерлері 41 жастағы азаматтың ізіне түсіп, оның Жамбыл облысынан Қазақстанның батыс өңірлеріне есірткі жеткізу арнасын ұйымдастырғанын анықтады. Тыйым салынған жүкті тасымалдау үшін жүк тасымалдау қызметтері пайдаланылып, есірткілер қарапайым сәлемдеме ретінде жасырылған.

"Сәлемдемені тексеру барысында полиция қызметкерлері ішінде өсімдік тектес зат салынған екі қапты анықтады. Сараптама қорытындысы тәркіленген заттың кептірілген марихуана екенін растады. Тәркіленген есірткі затының жалпы салмағы 33,5 келіден асты", – делінген хабарламада.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, аталған есірткі партиясы еліміздің батыс өңірлерінде одан әрі таратылуға арналған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Есірткі жеткізу арнасының жолын кесу нәтижесінде ірі көлемдегі тыйым салынған заттардың заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу