Ер адам екінші рет отбасын құру үшін балаларын биіктен лақтырып жіберген

3351

Оқиға Қытайдың Чунцин қаласында болған.

Ер адам екінші рет отбасын құру үшін балаларын биіктен лақтырып жіберген Фото: ашық дереккөз

Қытайлық азамат пен оның әйелі 2 баласының өліміне кінәлі деп танылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты CNN басылымына сілтеме жасап.

Соттың мәлімдеуінше, 2020 жылдың қарашасында Чжан Бо жатын бөлмесінің терезесінің жанында ойнап жүрген екі жасар қызы мен бір жасар ұлын 15-қабаттағы пәтерінен лақтырып жіберген.

Қытайдың Жоғарғы соты қылмыскерлердің балаларды аяусыз, асқан қатыгездікпен өлтіргенін мәлімдеді. 

“Бірінші инстанцияның қаулысында және екінші сатының үкімінде көрселген деректер анық, айғақтар сенімді әрі жеткілікті және үкім орынды”, – дейді басылым тілшісі Чжоу Вэньтао.

Айта кетейік, Чжан Бо мен Е Чэнчэн 2021 жылдың желтоқсанында өлім жазасына кесілді. Қылмыскерлер қаңтардың 31-і күні таңертең дарға асылды. Бұл жағдай Қытай тұрғындары арасында қызу талқыға түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу