Ер адам мас күйде өз ағасын пышақтап өлтіріп қойған

203

50 жастағы тұрғын кәсіппен айналысатын. 

Ер адам мас күйде өз ағасын пышақтап өлтіріп қойған Фото: gazeta.uz

Өзбекстанның Гиждуван қаласында ер адам мас күйде өз ағасын пышақтап өлтіріп қойған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.

50 жастағы тұрғын кәсіппен айналысатын. Марқұм туған жеріне келіп, отбасына, оның ішінде, бауырына да көмектеспек болған. 

Келесі күні ағайындылар жақындарымен жиналып, ішімдік ішкен. Екеуі сөзге келісе алмай, жанжал басталып кеткен. Айыпталушы қорғанамын деп асүйге тығылып қалған. Бірақ бауыры  артынан аңдып, соққыға жығуын тоқтатпаған. Сол кезде айыпталушы пышақты қолына алып, ағасына сұғып алған. Оны туыстары тоқтатқан. Жәбірленушіге көмек көрсетілгенімен ол бірнеше күннен кейін аудандық ауруханада қайтыс болған. 

"Мен жасаған ісіме өкінемін. Соттан кешірім сұраймын", - дейді тұрғын. 

Басылым мәліметінше, ер адам 10 жыға сотталған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу