Ер адам жанармай құю бекетінде ақылға сыймайтын іс-әрекетке барды

Оқиға Астана қаласының Тәуелсіздік және Момышұлы көшелерінің қиылысында болған. 

Ер адам жанармай құю бекетінде ақылға сыймайтын іс-әрекетке барды Фото: видео скриншот

Әлеуметтік желіде жанармай құю бекетінде көлік жүргізушісінің сіріңкені тұтатып, өрт шығара жаздағаны туралы видео тарады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Минивэн жүргізушісі осылайша жанармай құю кезінде ақылға сыймайтын іс-әрекетке барған. 

Оқиғаның үлкен жарылысқа әкелуі әбден мүмкін еді, станция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында өрттің жылдам сөндірілгені белгілі болды. 

Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті бұл жағдай бойынша 101 және 112 қызметтеріне ешқандай хабарлама түспегенін және оқиғаның нақты мерзімі белгісіз екенін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу