Ер адам жұмыс орнында алған жарақаттан көз жұмды

818

Қажетті сот-медициналық және сот-құрылыс сараптамалары тағайындалды. 

Ер адам жұмыс орнында алған жарақаттан көз жұмды

13 қыркүйекте Жамбыл облысы Сарысу ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне аудандық ауруханадан "Қазфосфат" өндіріс орнына тиесілі орталық байыту фабрикасы ғимараты шатырының тақтайшасы құлап кетіп, ғимарат ішінде жұмыс жасап жүрген үш қызметкердің түрлі дене жарақаттарымен жеткізілгені туралы хабарлама түсті, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Салдарынан кәсіпорынның 58 жастағы жұмысшысы оқиға орнында көз жұмды.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ еңбек инспекциясымен арнайы тексеру жүргізілуде. Қажетті сот-медициналық және сот-құрылыс сараптамалары тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу