Ер адамдардың коронавируспен жансақтау бөліміне түскені қауіпті – Бақытжан Позилов

1014

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов ер адамдарды екпе алуға ерекше әдіспен шақырды, деп жазады inbusiness.kz.

Ер адамдардың коронавируспен жансақтау бөліміне түскені қауіпті – Бақытжан Позилов

"Сізді жансақтау бөлімінде жатқызған кезде біз заттарыңыз бен телефоныңызды әйеліңізге береміз. Ол барлық көңілдесіңіз туралы білетін болады. Сондықтан мұндайға жол бермес үшін вакцина алыңыздар", - деп жазды Бақытжан Позилов Іnstagram және Facebook парақшаларында.

Кейін басқарма басшысы әлеуметтік желілердегі бұл жазбасын өшіріп тастады. Бірақ тұрғындар оны суретке түсіріп үлгерген, енді ол әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралып жатыр.

Журналистер басшысының бұл әрекетіне қатысты түсінік беруді сұраған. Алайда Бақытжан Позилов кешірім сұрап, мұның тек әзіл екенін айтты.

Айта кетейік, Шымкентте бір тәулікте 7 мыңнан аса адам екпе алып жатыр. Қалада 392 630 адам толық вакцина салдырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу