Эр-Рияд мұнай өндірісін маусымға дейін қысқартуды қолдайды

634

Сауд Арабиясы шикізат бағасының құлдырауына жол бергісі келмейді.

Эр-Рияд мұнай өндірісін маусымға дейін қысқартуды қолдайды

Сауд Арабиясы ОПЕК + келісімі аясында мамыр-маусым айларындағы мұнай өндірісін қысқарту жағын қолдап отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ресми дерек бойынша, корольдік мұнай бағасын көтеру үшін ерікті түрде өндірісті қысқарту процесін ұзартуға дайын екенін білдірді.

"Сауд Арабиясының билігі сұраныс айтарлықтай өспеді деген ойда, сондықтан бағаның құлдырауына жол бергісі келмейді", – деп жазылған хабарламада.

1 сәуірде ОПЕК+ альянсы өзінің кезекті отырысын өткізеді. Жиында келесі айдағы өндіріс көлеміне қатысты шешім қабылданады. Бұған дейін картель 2021 жылғы сұранысқа қатысты болжамын жариялаған еді. Ұйым мамандарының ойынша, экономикалық белсенділік бірінші жартыжылдықтың аяғында қалыпқа келеді. Осы жылдың алғашқы екі тоқсанында, керісінше, шикізатқа деген сұраныс бұған дейін айтылған көрсеткішке қарағанда аз болуы мүмкін.

Ұйым дерегіне сүйенсек, бірқатар елде карантин шараларының ұзартылуы мен АҚШ-тағы жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуы салдарынан экономиканың қалыпқа келуі ұзаққа созылуы ықтимал. Шикізатқа деген сұраныстың артуы өткен жылғы тапшылықты өтей алмайды. Өйткені бірқатар ел алдағы уақытта қозғалысты шектеу режимін ұзартады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу