Ералы Тоғжанов ақтөбелік хоккейші қыздарды марапаттады

423

Әлем чемпиондары – "Ақтөбе" хоккей Академиясының тәрбиеленушілері Ақтөбе облысы әкімі Ералы Тоғжановтың Алғыс хаттарымен марапатталды. 

Ералы Тоғжанов ақтөбелік хоккейші қыздарды марапаттады Фото: gov.kz

Ақтөбе облысы шайбалы хоккей Федерациясы жанындағы хоккей Академиясының екі тәрбиеленушісі – қорғаушы Медина Кішекеева және қақпашы Арина Павловская Болгарияда өткен хоккейден әлем чемпионатында 18 жасқа дейінгі Қазақстан ұлттық құрамасының сапында алтын медальдің иегері атанды, деп жазады inbusiness.kz Ақтөбе облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Салтанатты рәсім "Ақтөбе" ХК мен Атыраудың "Жас Батыр" командасы арасындағы ҚР чемпионатының ойыны өтті.  Өңір басшысы жанкүйерлерді спорт әлеміндегі жаңа жетістікпен құттықтап, хоккейші қыздарға алғысын білдірді.

"Баршаңызды Ақтөбе өңірінде бүгін өтіп жатқан маңызы зор спорттық шараның өтуімен құттықтаймын. Соңғы 5 жылда Ақтөбе хоккейінің екінші тынысы ашылды, жаңа деңгейге жетті. Негізгі команда тамаша нәтижелер көрсетіп, плей-оффқа шықты. Олардың артынан жасөспірімдер де қалмай келеді, оған лайықты жарқын мысал – біздің қыздарымыз – Медина Кішекеева мен Арина Павловская. Олар әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының бірінші орынды иеленуіне зор үлестерін қосты, еліміздің намысын қорғап, халықаралық аренада көк туымызды желбіретті. Бұл үшін оларға ерекше алғыс айтамыз. Қыздарға зор денсаулық пен амандық тілеймін",- деді өз сөзінде Ералы Тоғжанов.

Айта кетейік, 2021 жылы "Ақтөбе облысының шайбалы хоккей Федерациясы" Қоғамдық бірлестігінің жанынан балаларға және жасөспірімдерге арналған хоккей Академиясы ашылды. Оның құрамында қазір 2008, 2010, 2011 және 2012 жылы туған балалардың үш командасы құралып отыр. Барлығы 84 бала тәрбиеленуде, олардың арасында қыздар да бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу