Ералы Тоғжанов COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді

1004

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті.  

Ералы Тоғжанов COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді

ВАК отырысының қорытындысы бойынша келесі шешімдер қабылданды:

1. 7 күн бойы "Жасыл аймақта" тұрған өңірлерде үстіміздегі жылдың 1 наурызынан бастап рұқсат етілді:

- цирктердің, бильярд клубтарының, балалар ойын-сауық орталықтарының жұмысы – толымдылығы 30%-ға дейін;

- спорттық іс-шараларды өткізуге (30% - ға дейін), жұма намазын өткізуге (30% - ға дейін) және жерлеу рәсімін өткізу (30% - ға дейін, 50 адамнан артық емес).

2. 7 күн бойы "Сары аймақта" орналасқан өңірлерде үстіміздегі жылдың 1 наурызынан бастап жабық базарлардың (азық-түлік, азық-түлік емес), сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің жексенбі күндері жұмысына рұқсат етілді.

3. Мониторингтік тексеру қорытындылары бойынша білім беру ұйымдарында санитариялық – эпидемиологиялық талаптардың бұзылу фактілерінің көп мөлшері тіркелген Маңғыстау, Қостанай және Жамбыл облыстарын қоспағанда, барлық облыстарда үстіміздегі жылдың 1 наурызынан бастап 1-5 сыныптар, халықаралық мектептерде 1-7 сыныптарының оқушыларына аралас оқытуға рұқсат етілді.

Сондай-ақ, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Түркиямен (қосымша 4 рейс), Өзбекстанмен (+4 рейс), Қырғызстанмен (+2 рейс) және Украинамен (+1 рейс) халықаралық әуе рейстерінің санын арттыру туралы ұсынысы комиссияның қолдауына ие болды.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой биологиялық қауіпсіздік туралы заң жобасын әзірлеу барысын баяндады.

Өз кезегінде вице-премъер Е.Тоғжанов аталған заң жобасы бойынша барлық жұмылдырылған мемлекеттік органдармен келісу жұмыстарын және бюджеттік есептерді енгізуде бұрын бекітілген мерзімдерді ұстану қажеттілігін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу