Ералы Тоғжанов Қазақстан үшін негізгі үш қауіп-қатерді атады

15628

Елдегі гидрологиялық қауіп-қатерлер су шаруашылығы саласындағы мәселелерді шешуді қиындатады.  

Ералы Тоғжанов Қазақстан үшін негізгі үш қауіп-қатерді атады

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біз келесі қауіптер туралы айтып отырмыз. Біріншісі – климаттың өзгеруі. Болжамдар бойынша 2035 жылға қарай жер бетіндегі ауа температурасының үздіксіз жоғарылауы күтілуде. Екінші қауіп – трансшекаралық ағындар көлемінің қысқаруы. Бұл Қазақстанның экономикасының дамуына және экожүйесінің жағдайына кері әсер етеді. Үшіншіден, су ресурстарын дұрыс пайдаланбау", – деді Ералы Тоғжанов Мәжілісте өткен парламенттік тыңдауда. 

Оның пікірінше, су тапшылығы климаттың өзгеруі, экономикалық белсенділіктің артуынан болуы мүмкін. 

"Бұл тәуекелдерді азайтудың негізгі факторы – ресурстарды тиімді басқару, қолданыстағыларды жаңғырту және жаңа инфрақұрылымды дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, жасыл технологияларды пайдалану және өндірістің қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайту", – деп толықтырды Премьер-Министрдің орынбасары. 

Ералы Тоғжановтың айтуынша, бүгінде ел тұрғындарының 96%-ы сумен қамтылған. Ауылдық елді мекендерде су құбыры желілерін салу және қайта жаңғырту жұмыстарын жалғастыру есебінен 2025 жылға қарай халықты 100% сумен қамту жоспарлануда.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу