Ералы Тоғжанов Құрық паромды кешенінің құрылысымен танысты

803

Ералы Тоғжанов Құрық паромды кешенінің құрылысымен танысты

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Қарақия ауданына жұмыс сапары барысында Құрық ауылындағы паромды кешеннің құрылысымен танысты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Паромның құрылысы 2015 жылдың сәуір айында басталған болатын. Осы жылдың ақпан айында бірінші іске қосу кешенінің құрылыс-монтаж жұмысы аяқталды. Нысанның бірінші кезеңіндегі құрылыс жұмысына 18 435 млн теңге жұмсалды. Қазіргі уақытта екінші кезектегі құрылысқа техникалық-экономикалық негіздегі сараптама жұмысы жүргізіліп жатыр. Құрық портын құрайтын автокөлік өнімділігі жоспар бойынша  жылына 2 млн тонна автомобиль тасымалын, теміржол тармағы бойынша жылына 4 млн тоннаға дейін тасымалдайды.

​Осыдан кейін Ералы Тоғжанов "ЕРСАЙ Каспиан Контрактор" ЖШС өндірістік алаңында болып, кәсіпорын ұжымымен кездесті.

​"Ерсай" мен сервистік компания қызметкерлерінің саны 2617 адам, оның ішінде 2154-і Маңғыстау облысы мен Қазақстанның басқа да аймақтарының тұрғындары.

​Сондай-ақ өңір басшысы Ералы Тоғжанов Қарақия ауданының әкімі Әділбек Дауылбаевпен ауданды одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін, соның ішінде жұмыспен қамту, "Ақбұлақ" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, тұрғын үй қорын жаңарту және жаңа білім ордаларының құрылысы секілді проблемаларды талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу