Ғылым және жоғары білім министрлігінің қызметкерлері, елдегі оқу орындар басшылары қатысып отырған жиында үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов Әнұран дұрыс орындалмады деп есептейтінін айтты, деп жазады innusiness.kz.
"Жаңа Әнұран айтып жатқандарға қарап тұрдым. Қолын салып тұрғандар да, жүрегімен айтып тұрғандар да, қалғандары қалай айтып тұр екен деп қарап тұрғандар да болды. Жүректі салу керек қой. Егер Әнұранға жанымызды салмасақ, оқу жүйесін басқарып отырған азаматтар, басқа азаматтарға қандай тәрбие береміз? Жаныңызды салмасаңыз, сіздің сөзіңізден-ақ жас балалар жай әңгіме айтып тұрғаныңызды біледі (…) Ешкімді алдай алмайсыздар", – деді Тоғжанов жиын алдында.
Сонымен бірге "жиналыста ой-пікір айтпайтындар да болады" деп жалпылап сын айтты.