Ералы Тоғжанов: Омикронды жұқтыру көрсеткіші рекордтық деңгейге жетті

870

Ол дельта нұсқасынан 70 есе жылдам таралады.  

Ералы Тоғжанов: Омикронды жұқтыру көрсеткіші рекордтық деңгейге жетті

Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елдегі эпидахуалға тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Баршаңызға мәлім, соңғы күндері Қазақстанның барлық өңірлерінде эпидемиялық ахуал күрт нашарлады. Бұған бірден бір себеп – елімізде "омикрон" штамының таралуы. Бұл желтоқсан айында жасалған зерттеулердің қорытындысы бойынша да дәлелденді. Жалпы әлем бойынша ауру санының кезекті рет күрт артуына өздеріңіз де куә болып отырсыздар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Еуропада соңғы екі аптада сырқаттанғандар саны өсті. Оның ішінде халықтың 50%-ы "омикронмен" ауырып жатыр", – деді Ералы Тоғжанов.

Оның айтуынша, сырқаттанғандар санының артуына халықтың белсенді ішкі және сыртқы көші-қоны, мерекелік күндер сондай-ақ елдегі шерулер де ықпал еткен.

"Омикрон" штамының ерекшелігі – тез жұғатынында және оны қайта жұқтыру қаупі жоғары. Таралу коэффициенті 1-5. Ол Дельта нұсқасынан 70 есе жылдам таралады. Мәселен, соңғы тәулікте ғана 9 700 жағдай тіркелген. Соңғы айда коронавирус инфекциясын жұқтыру 20 есеге өсті. Мұндай тәуліктік көрсеткіш пандемия басталған сәттен бері тіркелмеген", – деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу