Ералы Тоғжанов өңірдегі шекара бекеттерін тексерді

1077

Ералы Тоғжанов өңірдегі шекара бекеттерін тексерді

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Ақтау шекара отрядының мемлекеттік шекара бөлімшелерінде болды. Алдымен "Суе" техникалық қадағалау бекетінің, "Даля" шекара заставасының, "Темір баба" шекара бақылау бекеті автокөлік бөлімшесінің қызметімен, әскерилердің өмір сүру жағдайымен танысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Ералы Тоғжанов "Болашақ" және "Үстірт" шекара заставаларын күзететін 2018-әскери бөлімше әскерилерімен кездесті.

Жұмыс барысында өңір басшысы Қарақия ауданының әкімдігіне, энергетика және тұрғын үй коммуналды шаруашылық басқармасына "Суе" техникалық қадағалау бекеті мен "Үстірт" шекара заставасын жасыл технологияны пайдалану арқылы электрлендіру, электр қуатының тапшылығын жою және "Темір баба" шекара бақылау бекетінің барлық нысанын электр тоғымен үздіксіз қамту мәселесін зерттеуді тапсырды. Сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдар "Суе" бекетінде су тұшыту қондырғысын орнату және Қарақия ауданының Болашақ селосына дейін қиыршық жол салу мүмкіндігін қарастыруы тиіс.

Ералы Тоғжанов бірінші орынбасары Сүйіндік Алдашевке "НК "КазАвтоЖол" АҚ-мен бірге Жаңаөзен қаласынан "Темір баба" кеден бекетіне дейін ұзындығы 50 шақырым автокөлік жолын салуға мемлекеттік сараптама алу үшін жобалау-сметалық құжаттаманың аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, шекара заставасының аумағында санитарлық тазалау және абаттандыру жұмысы жүргізілуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу