Ерасыл Қажыбаев дзюдодан Ташкентте өткен Гран-при кезеңінің қола жүлдегері атанды

1230

Ерасыл Қажыбаев дзюдодан Ташкентте өткен Гран-при кезеңінің қола жүлдегері атанды

Аса ауыр салмақта сынға түскен Ерасыл өз тобында Иран және Қырғызстан спортшыларын жеңіп, жартылай финалға жолдама алған, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Алайда, ресейлік Сослан Бостановпен өткен кездесуде жеңіліске ұшырап, қола медаль үшін күресті. 

Кіші финалда Ерасыл өзге емес, татами иесі саналатын өзбекстандық Ихтиор Халмуратовпен белдесті. Тартысты жекпе-жекте біздің балуан "иппон" әдісімен жеңіске жетіп, Гран-при кезеңдеріндегі алғашқы жүлдесіне қол жеткізді. 

Еске сала кетейік, Ташкентте 81 келіде ел намысын қорғаған Дидар Хамза жеңімпаз атанды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу