Ербаян Мұхтар Түркиядан Қазақстанға оралды

301

Жарақатының ауырлығына байланысты өзгеріс бірден байқалмай отыр. 

Ербаян Мұхтар Түркиядан Қазақстанға оралды Фото: Фото: коллаж Inbusiness.kz

Түркияда ем алған Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтар Қазақстанға оралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ербаян Мұхтар Түркияда емнің келесі кезеңін аяқтап, Астанаға аман-есен оралды. Қазіргі жағдайы тұрақты. Дәрігерлер ем толық әсер етуі үшін кемінде 3 ай уақыт қажет екенін айтты. Сол себепті үш айдан кейін Ербаян қайтадан Стамбулға барып, емнің реабилитациялық бөлігін жалғастырады. Ербаянның ата-анасы және заңды өкілі ретінде барлық қолдау білдірген жандарға алғыс айтамыз", – деп жазды Инга Иманбай Facebook-тағы парақшасында.

Заңгердің сөзінше, екі рет шетелде ем алу – үлкен еңбек пен жанашырлықтың нәтижесі. 

"Алайда жарақатының ауырлығына байланысты өзгеріс бірден байқалмай отыр. Бұл – дәрігерлер күтетін де, біз түсінетін де процесс. Соған қарамастан, Ербаян өзіне лайықты өмір сүру үшін күресіп жатыр. Оған осы жолда сіздердің қолдауларыңыз күш беріп келеді", – деді Инга Иманбай.

Айта кету керек, бұған дейін әскерде жарақат алған Ербаян емделу үшін Ыстанбұлға ұшқанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу