Халықтың Ербаян Мұхтардың еміне жинаған қаржысы 230 млн теңгеге жеткен

306

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан баспасөз мәслихатында отбасының қорғаушысы Инга Иманбай хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Халықтың Ербаян Мұхтардың еміне жинаған қаржысы 230 млн теңгеге жеткен Фото: бейнеден скриншот

Алматыдағы әскери бөлімшеде жарақат алып, ауыр халге түскен сарбаз Ербаян Мұхтардың емі үшін қазақстандықтар 230 млн теңге жинап берген.

Инга Иманбайдың айтуынша, Ербаянның ата-анасы оны емдететін клиниканы таңдап қойған. Бірақ, Ербаян шет елге қалай ұшып баратыны әлі шешілмеген.

"Осы уақытқа дейін халық 230 млн теңге жинап қойды. Ол сумма алғашқы үш айдың еміне жетеді. Біз министрге (денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова – ред.) осы ақшаны жинап берген халыққа рақмет дегенді айттық. Ербаянның ата-анасы оны осы қаражатқа емдетеді. Бірақ, оның ауруынан толық айығып, жазылып кетуі үшін қанша уақыт керек екенін және ол үшін қанша қаражат керек екенін ешкім білмейді. Министрмен байланыстамыз", - деді Инга Иманбай.

Айта кетсек, Ербаян Мұхтар Ұлттық Ұланның әскери бөлімінде жүріп, түнде дәретханаға құлаған. Ата-анасы мен қорғаушы оның бұндай жағдайда дураш болуына әлімжеттік себеп болуы мүмкін деп топшылайды. Ал, Ұлттық Ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов жағдайы мүшкіл жатқан сарбаз Ербаян Мұхтар ауруханада жатқанда оның өкпесін пневмония басып, қосымша ірің аққан гайморит жұқтырған деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу