Ербаянның өзінен-өзі құлап, мұндай ауыр жарақат алуы мүмкін емес – Тахир Халимназаров

1304

Сарбазды мүгедек қылған кімдер?

Ербаянның өзінен-өзі құлап, мұндай ауыр жарақат алуы мүмкін емес – Тахир Халимназаров Фото: inbusiness.kz

Жуықта Алматыдағы 5571 бөлімшесінде әскери борышын өтеуге кеткен сарбаз Ербаян Мұхтардың мүгедек болып оралғанын жазған болатынбыз.

Әскери орындағылар сарбазды құлап барып жарақат алғанын айтқан. Бірақ, белгілі сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров адам өзінен-өзі құлап, мұндай ашық ауыр ми жарақатын алмайтындығын айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Белгілі журналист Дина Төлепберген осы іс төңірегінде Тахир Халимназаровпен сұхбаттасқанын желіге жүктеді.

– "Адам өзінен-өзі құлап, мұндай ашық ауыр ми жарақатын алмайды". Белгілі сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров Ербаян Мұхтардың диагнозына қарап осындай қорытынды шығарып отыр. Ал, әскеридегілер бізге белгісіз куәгердің сөзіне сүйеніп, сарбаз өздігінен құлады деуде. Оқиға осыдан 9 ай бұрын Алматыдағы 5571 бөлімшесінде түнгі сағат екілер шамасында жалпақ тілде "очко" дейтін жер-дәретханада орын алған көрінеді. Туыстарының айтуынша, әскерде Ербаян үздіксіз әркімнен ақша сұрап жүрген. Ал, әскерилер мұны түрлі тәтті алуға жұмсаған шығар деп отыр. Тағдыры талқан болған тарланның тезірек тұрып, ақиқаттың ашылуын тілеймі, – деп жазды Дина Төлепберген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу