Ербол Әліқұлов Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды

169

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ербол Шымкентбайұлы Әліқұлов берген өтінішіне сәйкес Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Ербол Әліқұлов Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды Фото: primeminister.kz

Ербол Әлиқұлов 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1996 жылы Б.Момышұлы атындағы Республикалық қайырымдылық қорының "Кәусар-бұлақ" баспасы директорының орынбасары болып бастаған.

1998-2002 жж. – "Асфар" ЖШС жарнамалық-полиграфиялық компаниясының директоры

2002-2003 жж. – Түрксіб ауданы әкімі аппаратының нарықтық қатынастарды дамыту бөлімінің бас маманы

2003-2005 жж. – Отын-энергетика бөлімінің бастығы

2005-2006 жж. – Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары

2006-2009 жж. – Алмалы ауданы әкімінің көмекші-кеңесшісі, Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары

2009-2013 жж. – Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі

2013-2014 жж. – Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы

2014-2016 жж. – "Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" КММ басшысы

2016-2017 жж. – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2017-2022 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы

2022-2023 жж. – Қарағанды облысы әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат және қоғамдық даму мәселелері жөніндегі орынбасары

2023 жылдың қазан айынан бастап тағайындалғанға дейін – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу