Ербол Ізбергенов Ақтау қаласының әкімі болып тағайындалды

838

Ербол Ізбергенов 3 қазанда Ақтау қаласының жаңа әкімі болып тағайындалды. Оның кандидатурасын Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ұсынған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ербол Ізбергенов Ақтау қаласының әкімі болып тағайындалды

Депутаттар 49 жастағы Ізбергеновтің кандидатурасын бірауыздан қолдады. Ербол Ізбергенов бұған дейін қала әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Нұрдәулет Қилыбайға атқарылған жұмысы үшін алғысын білдіріп, Ербол Ізбергеновке Ақтау қаласының әлеуметтік экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ербол Күреңтайұлы Ізбергенов 1973 жылы Маңғыстау облысы Қарақия ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі жоғары. 2007 жылы Ақтау мемлекеттік университетінің "инженер-құрылысшы" және 2018 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы "әкімшілік іскерлік шебері" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы Ақтауда "Маңғыстау мұнай-газ барлау" мекемесінде тас қалаушы болып бастаған. 

1994-2004 жылдар аралығында өндірістік салаларда түрлі лауазымды қызметтерді атқарған;

2004 жылы Ақтау қаласы әкімі аппаратының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы;

2004-2005 жылдары Маңғыстау ауылы әкімінің орынбасары;

2005-2007 жылдар аралығында Қызыл төбе ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды;

2007-2011 жылдары Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары;

2012 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас сарапшы қызметін атқарды;

2012-2013 жылдар аралығында Маңғыстау облысы құрылыс басқармасының басшысы;

2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі ТРМК Ішкі әкімшілендіру басқармасының басшысы;

2015 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің инвестициялық жобалар басқармасының басшысы;

2019 жылдың маусым айына дейін "Ақтау теңіз порты" Арнайы экономикалық аймақ" акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары, 2020 жылдың мамыр айына дейін “Атамекен” ӨКП директоры қызметін қызметін атқарған.

2020 жылдың тамыз айынан бүгінге дейін Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу