Ербол Қарашөкеев Абай облысындағы шаруалармен кездесті

558

Сапар барысында субсидиялау, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың басқа да тетіктерімен байланысты бірқатар мәселелер талқыланды.

Ербол Қарашөкеев Абай облысындағы шаруалармен кездесті

23 маусымда Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жаңадан құрылған Абай облысына барды, деп жазды inbusiness.kz.

Өңірге сапары барысында министр бірқатар шаруа қожалықтарының жұмысымен танысып, жергілікті шаруалармен кездесті.

Атап айтқанда, "Шалабай" ЖШС-де асыл тұқымды ауыл шаруашылығы малдарының тұқымдық материалын алу, талдау, таңбалау және пайеттерге криоконсервациялау технологиясын пайдалана отырып, асыл тұқымды малдың ұрығын (қазақтың ақбас сиыры бұқалары) криоконсервациялау жөніндегі орталық ұйымдастырады.

Өз кезегінде, "Асыл Түлік" АҚ жобаға технологиялық жабдықтармен қатысып отыр, асыл тұқымды материалды криоконсервациялау технологиясы бойынша құзыреттілікті арттырады, мал шаруашылығындағы селекция бойынша жобаларды ғылыми сүйемелдейді, ұрықтандырушы-техниктерді дайындайды, маркетинг, семинарлар, вебинарлар өткізеді, сондай-ақ мал шаруашылығындағы бірлескен ғылыми жобаларға қатысатын болады.

"Қазақтың ақбас ірі қара тұқымы мал шаруашылығындағы қазақстандық бренд болып есептеледі. Тұқым жергілікті қазақ және ішінара қалмақ малдарын герефорд тұқымымен қайта жетілдіру арқылы өсірілді және әртүрлі табиғи-климаттық және шаруашылық жағдайларда кең таралды. Бұл тұқым 1950 жылы бекітілген. Қазіргі уақытта Қазақстанда қазақтың ақбас ірі қара малының саны 436,8 мың тан асты немесе етті бағыттағы ірі қара малдың жалпы басының 57,6%-ды құрайды", – деп хабарлады министрлік.

Ауыл шаруашылығы министрінің Абай облысына жұмыс сапары облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кездесуімен аяқталды. Онда шаруалар субсидиялаумен және агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың басқа да тетіктерімен байланысты мәселелерді көтерді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу