Ербол Қарашөкеев АӨК дамыту бойынша ұлттық жобаны таныстырды

810

Ұлттық жобаны әзірлеуге Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы халықаралық FAO азық-түлік ұйымының сарапшылары, салалық одақтардың, қауымдастықтардың, ғылымның өкілдері тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ербол Қарашөкеев АӨК дамыту бойынша ұлттық жобаны таныстырды

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің "АӨК дамыту жөніндегі ұлттық жоба: мақсаттары мен міндеттері" тақырыбындағы брифингі өтті.

Ведомство басшысы Ұлттық жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленгенін және күш-жігер мен ресурстарды шоғырландыруды талап ететін нақты, тораптық міндеттер мен жобаларды шешуге бағытталғанын мәлімдеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Ұлттық жобада нақты және қолжетімді міндеттер бекітілгенін атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес ұлттық жобада келесі негізгі бағыттары айқындалды:

Бірінші, еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру;

Екіншіден, Қазақстанның отандық өндірістің негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі;

Үшіншіден, қайта өңделген өнімнің үлесін 70%-ға дейін жеткізе отырып, АӨК өнімдерінің экспортын 2 есеге ұлғайту;

Төртіншіден, 7 ірі экожүйені қалыптастыру және инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен 1 млн ауыл тұрғынының табысын тұрақты арттыру.  

Еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру жөніндегі мақсатқа қол жеткізу үшін негізгі факторлар айқындалды, олардың әрқайсысы бойынша нақты қолжетімді индикативтер, сондай-ақ тиісті шаралар белгіленген.

"Нақты инвестициялық жобалар анықталып, іске асырылуда. Бұл жұмыс Үкімет пен Министрліктің ерекше бақылауында. Нәтижесінде 2024 жылға қарай құс еті, шұжық өнімдері, ірімшік және сүзбе, алма, балықпен қамтамасыз ету 100%-ды, ал қант бойынша 80%-ды құрайтын болады", – дейді ведомство басшысы.

Жалпы 5 жыл ішінде 4,1 трлн теңгеге 582 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу