Ерболат Досаев: Алматыда ешкімге аға да, көке де емеспін

Бұл туралы Алматы әкімі Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді.  

Ерболат Досаев: Алматыда ешкімге аға да, көке де емеспін Фото: google.com

Жетісу ауданының тұрғыны кездесуде Бөкейханов көшесіндегі дүкен және кафесі бар кәсіпкердің үстінен шағымданды. Айтуынша бизнес иесі ескертулерге құлақ аспайды. 

"Бөкейханов көшесіндегі дәмхананың иесі өз аумағын заңсыз кеңейтуде. Кафенің аумағы табиғи қорғалатын аумаққа, яғни Есентай өзеніне дейін жетті. Ол жерде жазғы кафе салмақшы. Жұмыстарды бастап кетті. Тұрғындардың ескертулеріне құлақ аспайды. Оның сенген мықты көкесі бар ғой деймін…", - деді қала тұрғыны. 

Бұл ретте әкім одан "аудан әкімдігіне шағымдандыңыздар ма?" деп сұрады. 

"Жоқ, экологтар келіп тексерді… Бірақ олардың бұлай дандайсыйтындай қандай "крышасы" бар", – деді тұрғын. 

Бұл ретте Ерболат Досаев ешкімге аға-көкесі емес екенін, олардың немен айналысатынын білмейтінін, бірақ бұл мәселені шешу туралы тапсырма беретінін жеткізді. 

"Тұра тұрыңыз, бұған экологтардың қандай қатысы бар?… Аудан әкімшілігіне хабарластыңыз ба? Міне, аудан әкімі. Арыз жаздыңыз ба? Жоқ. Сіз маған: Ерболат Асқарбекұлы, біз әкімдікке жаздық, алайда олардан жауар жоқ, деп хабарласа аласыз. Сонда мен бұл мәселені шеше аламын. Түсінемін, ауданда не болып жатқанын көріп жүрген алаңдаулы белсенділер көп, олар бұл ұстаныммен келіспейді. Бірақ алдымен жақсы қатынас орнатайық. Солай ма? Содан кейін кім кімнің "крышасы", кім не істеп жатыр анықтаймыз. Мен қалада кім-кімнің аға-көкесі екенін, олардың немен айналысатынын білмеймін. Өзім қалада ешкімге аға да, көке де емеспін және аудан әкімдеріне де біреулерді қорғаштауға рұқсат етпеймін. Бізге де кішкене сыйластық танытыңыздар. Біз де сіздер сияқты қарапайым адамдармыз. Егер сотпен дәлелденбесе, бізге ондай мәселелерді астарлап айтудың қажеті жоқ", – деді Алматы әкімі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу