Ерболат Досаев: Алматыда ғимараттарға сейсмикалық аудит жүргізілмек

563

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде 2023 жылдың екінші жартыжылдығында қалада жаңа сейсмикалық аудит жүргізілетінін мәлімдеді.  

Ерболат Досаев: Алматыда ғимараттарға сейсмикалық аудит жүргізілмек Фото: krisha.kz

Бостандық ауданының тұрғындары әкімнен Бұқар жырау даңғылының бойындағы ғимараттардың сейсмикалық көрсеткіштері неге ескерілмегенін сұрады, деп жазады inbusiness.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Әкім 2021 жылы сейсмикалық микроаудандастырудың жаңа картасы бекітілгенін айтты. Онда барлық кемшіліктер ескерілді.

"Қаладағы біздің басымдылығымыз – қажетті ғимараттарды сейсмикалық күшейту. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі жалғасады. Бұл шешімдер қазір емес, ондаған жылдар бұрын қабылданған", - деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Шаһар басшысының айтуынша, 2017-2018 жылдары ҚазҚСҒЗИ сейсмикалық аудит жүргізген.

"Биылғы жылдың екінші жартысы мен келесі жылы біз қаланың жаңа сейсмикалық аудитін бастаймыз. Өздеріңіз білесіздер, Алматыда 2020-2021 жылдары жаңа тектоникалық бұзылыстар пайда болды. Жаңа бас жоспарда барлық қажетті сейсмикалық талаптар ескерілген. Қаланың сейсмикалық зондтауы есепке алынбайтын бірде-бір жер жоқ, Абай даңғылынан жоғарының барлығы 10 балл, Абай даңғылынан төменгі жақтардың бәрі 9 және 10 баллдық аймақтар", - деп мәлімдеді Ерболат Досаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу