"Бердібек Машбекұлы сан түрлі салада еңбек етіп, 45 жылдан астам уақыт мемлекеттік қызметте еліміздің өркендеуіне қомақты үлес қосты. Тәуелсіздікті нығайту жолында қатардағы экономистен ҚР Премьер-министрінің орынбасарына дейінгі лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды. Әрдайым жауапты қызметтің тұтқасын ұстап, қысылтаяң уақытта да жүктелген күрделі міндетті тиянақты орындап, елдің сенімінен шыға білді", - делінген жеделхатта.
Ерболат Досаев Бердібек Сапарбаевтың жарқын бейнесі халықтың жүрегінде мәңгі сақталатына сенім білдірді.