"Ұлттық банк қаржы секторының цифрлық инфрақұрылымын дамыту және қаржылық инновацияларды енгізу бағдарламасын белсенді түрде іске асырып жатыр. Ұлттық цифрлық валюта – цифрлық теңгені енгізуді көздейтін пилоттық жоба биылғы жылдың негізгі бастамаларының бірі. Жоба қаржы нарығының қатысушыларымен және халықаралық әріптестермен бірлесіп іске асырылуда. Бүгінде әлемде 63 орталық банк ұлттық цифрлық валюта шығару және оның айналымы мәселесін зерттеумен белсенді түрде айналысуда. Орталық банктің бөлшек цифрлық валютасының аспектілері Ұлттық банктің 2021 жылғы зерттеулерінің басты бағыты болды", – деді Ерболат Досаев.
Ұлттық банк төрағасының айтуынша, цифрлық теңге платформасының прототипін әзірлеу аяқталды.
"Нарық қатысушыларымен және халықаралық ұйымдармен талқылау сериясы өткізілді. Пилоттық жобаның аралық нәтижесі Қазақстан қаржыгерлерінің IX конгресінде таныстырылды. 2021 жылғы 15-желтоқсанда пилоттық жобаның нәтижесі бойынша қорытынды баяндама жарияланады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық банк 2022 жылғы 1 шілдеге дейін пайда мен шығысты бағалай отырып, цифрлық теңгені енгізу туралы шешім қабылдау моделін әзірлейді. 2022 жылғы желтоқсанда цифрлық теңгені енгізу қажеттілігі туралы қорытынды шешім жарияланады", – деді Ерболат Досаев
Қанат Махамбет