Ерболат Досаев: "Екібастұздағы жағдай Алматыда қайталанбайды" деп сөз берем

586

Түрксіб ауданының тұрғыны Алматы әкімі Ерболат Досаевқа жылу және электр желілерінің дайындығы туралы сұрақ қойды, деп жазады inbusiness.kz.  

Ерболат Досаев: "Екібастұздағы жағдай Алматыда қайталанбайды" деп сөз берем Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қала тұрғыны шаһар басшысынан: "Алматыда Екібастұздағыдай жылу жүйелерінің өшіп қалу қаупі бар ма?" - деп сұрады.

Алматы әкімі Екібастұздағыдай жағдайды болдырмауға және ол үшін қолынан келгенін жасап жатқанын айтты.

"Біз қыс мезгіліне қағаз жүзінде емес, өте қарқынды дайындалдық. Жақында Мемлекет басшысы мен Премьер-министрден энергетика жүйесіне ревизия жүргіземіз деген тапсырма келді. Жұмыс 1 желтоқсанда басталады", - деді Ерболат Досаев.

Әкім құзырлы органдар екі апта ішінде 1-15 желтоқсан аралығында жылу желілері мен қазандықтарды қосымша тексеруден өткізетінін жеткізді.

"Әзірге апатқа алғышарттар жоқ деп үміттенемін. Жақында Гоголь көшесіндегі жағдай болды, желілер тозған, бірақ Алматы мұндай жағдайға дайын" - деп мәлімдеді Досаев тұрғындармен кездесуде.

Әкім жаз мезгілінде қондырғылар ауыстырылып, дайындалып, реттеліп, қазандықтар тазартылғанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу