Ерболат Досаев: Контрциклдық бюджет қағидасы инфляциялық қысымды төмендетеді

601

Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 2025-2026 жылдары инфляция 3-4% деңгейіне тұрақтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ерболат Досаев: Контрциклдық бюджет қағидасы инфляциялық қысымды төмендетеді

"Ұлттық банк экономикадағы сұраныстың өсуіне жауап ретінде дезинфляциялық ақша-кредит саясатын жүргізу аясында шілдеде және қыркүйекте базалық ставканы 9%-дан 9,5%-ға дейін 2 рет көтерді. Сұраныс тарапынан инфляцияға қарсы қысым биылғы 8 айда тұтыну тауарлары импортының 24%-ға өсуімен расталады. Ұлттық банк баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған саясатты ары қарай жалғастырады", – деді Ерболат Досаев. 

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, 2023-2024 жылдары инфляция 4-5%-ға төмендеп, 2025-2026 жылдары 3-4% деңгейіне тұрақтайды. 

"Бұл үшін Үкіметтің қазіргі жедел шараларымен қатар экономиканы одан әрі әртараптандыру және оның импортқа тәуелділігін төмендету бағытындағы жүйелі жұмысты жандандыру маңызды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылдан бастап енгізілетін контрциклдық бюджет қағидасы мемлекеттік шығыстардың өсу қарқынын шектеуге мүмкіндік береді, сол арқылы мемлекеттік қаржының тұрақтылығын қамтамасыз етеді және инфляциялық қысымды төмендетеді", – деді Ерболат Досаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу