Алмалы ауданы тұрғындарының бірі әкіммен кездесу барысында неліктен жәрмеңкелерде бағалар алдын ала жарияланғаннан мүлдем басқаша болатынын сұрады. Мысалы, алманың келісін 250 теңгеден уәде етіп, 500 теңгеден сатады.
Мегаполис басшысы сенбі және жексенбілік базарлар қаладағы азық-түлік бағасының тұрақтылығы мәселесін шешпейді деп жауап берді. Бұл ретте әкімдік базарлар мен сауда орталықтарына өнімдерді делдалдарсыз жеткізбек.
"Маусымаралық кезеңде және көктемнің басында бағаны жіті қадағалаймыз. Өйткені қаладағы баға көкөніс пен жеміс-жидек есебінен өседі. Біз әлі де жеміс-жидектерді сырттан алып келеміз, ал Алматы облысы мен басқа да жақын облыстарда өндірілген көкөністер жоқ. Бірақ біз биыл бұған жеткілікті мөлшерде ақша бөлдік, бағаны бекіту туралы келісім-шарттарға қол қойдық. 20 наурыздан кейін алғашқы өнімдер жеткізіледі, бұл қаладағы бағаларға әсер етпейді деп үміттенеміз", – деді Алматы қаласының әкімі.