Ерболат Досаев орталық және коммерциялық банктер басшыларымен кездесті

782

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Сочиде FINOPOLIS 2019 инновациялық қаржы технологияларының V Форумына қатысты.

Ерболат Досаев орталық және коммерциялық банктер басшыларымен кездесті

Бірінші пленарлық пікірталас шеңберіндегі сөйлеген сөзінде Ерболат Досаев қаржы ұйымдарын реттеудің тәуекелге бағдарланған тәсілінің енгізілгені жайында айтып берді.

"Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Ұлттық банкі қаржы ұйымдарын тәуекелге бағдарланған реттеу мен қадағалауға көшті. Қаржы нарығының неғұрлым негізгі сегменті ретінде ол тәсіл, ең алдымен, банк секторына қатысты қолданылады. Біз алғаш рет оларды реттеуді күшейтпей, нарықпен қаржы техникасын және жаңа инновацияларды енгізуге байланысты келіссөзге келуді бастамақпыз", – деді Ұлттық банк төрағасы.

Ерболат Досаев реттеушінің осы тәсілді енгізуге дейін түрлі елдердің озық тәжірибесін зерделегендігін атап өтті. Нәтижесінде негіз ретінде Еуропалық одақтың моделі – SREP (Supervisory review and evaluation process) таңдап алынды, ол институттардың қаржылық жай-күйіндегі теріс өзгерістерді ерте кезеңдерде сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

Алынған деректер қажетті түзету шараларын уақтылы қолдануға мүмкіндік береді. Тәуекелге бағдарланған реттеуді енгізу себептерінің бірі онлайн-кредиттеу саласын белсенді дамыту болды. 2015-2018 жылдары елдегі онлайн-қарыздар көлемі 23 есе өсті.

Ерболат Досаевтың айтуынша, елде нарықтың осы сегментіндегі жауапты кредиттеу қағидаттарын енгізу қажеттігі туындады.

"Микроқаржылық қызметтің субъектілерін реттеу қарыз алушылардың құқықтарын қорғауға және олардың артық кредиттелуін болдырмауға шоғырландырылатын болады. Атап айтқанда, микрокредиттер беру қағидаларының болуына, кез келген комиссияларды алуға тыйым салуға, сыйақының шекті мөлшерлемелерін сақтауға, кредиттік бюроға ақпарат беру қажеттігіне талаптар белгіленетін болады, бұл қарыз алушылардың борыш жүктемесін барабар бағалауға, Қазақстанның аумағында тіркелген ұйымдарға ғана қызмет көрсетуге мүмкіндік береді",– деді Ерболат Досаев.

Сөз сөйлеу барысында Ұлттық банк басшысы қаржы технологияларын қолдану мәселелерінде Қазақстан банктерінің қарқынды дамып келе жатқанын да атап өтті.

Сондай-ақ форум барысында Ерболат Досаев орталық және коммерциялық банктер басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.

Ресей Федерациясы Орталық банкінің төрағасы Э. Набиуллинамен кездесу кезінде ЕАЭО шеңберіндегі өзара тиімді ынтымақтастықтың неғұрлым өзекті мәселелері қозғалды. Қытай Халық банкі төрағасының орынбасары Фан Ифэймен әңгімелесу барысында Қазақстан мен Қытай қаржы нарығының қатысушылары арасында своп-желілерді пайдаланудың неғұрлым қолайлы жағдайларын жасау үшін ынтымақтастықты дамыту тетігі туралы мәселе көтерілді. Сонымен бірге Түркия Орталық банкі төрағасының орынбасары Э. Шенермен және "Сбербанк" ЖАҚ Президенті Г. Грефпен банкаралық ынтымақтастықты кеңейтудің өзекті мәселелері талқыланды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу