Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы қаңтар айындағы қаржы-кредит саясатының жүзеге асырылу барысы туралы баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Ерболат Досаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президенттің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін берген тапсырмаларының орындалуы жөнінде мәлімдеді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудың 2019 жылғы есебі берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу