Ерболат Досаев Ұлттық банктегі басшылық қызметіне кірісті

712

Жаңа басшыны ұжымға ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев таныстырды. 

Ерболат Досаев Ұлттық банктегі басшылық қызметіне кірісті

Бүгін ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев Ұлттық банктің жаңа төрағасы Ерболат Досаевты ұжымға таныстырды. Ол Ұлттық банктің алдында тұрған барлық міндеттердің бұрынғыдай қалатынын атап өтті, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

"Бірінші кезекте, бұл ақша-кредит саясатын жетілдіру, банктік, қаржылық және нақты секторларды қалыпқа келтіру, баға тұрақтылығы мен экономикалық өсу арасындағы теңгерімді табу", – деді Әсет Исекешев.

Әсет Исекешев атап өткендей, банктер активтерінің сапасына тәуелсіз бағалау жүргізу, қор нарығын дамыту және басқалары өзекті мәселе болып қалуда.

"Үкіметпен бірге халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында макроэкономикалық тұрақтылықты және экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі шешімдер жүйесін пысықтау қажет", – деді ол.

Өз кезегінде, Ерболат Досаев мемлекет басшысына көрсетілген сенімі үшін алғыс айтты және елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банктің және үкіметтің бірлескен жұмысы күшейтілетінін атап өтті.

Айта кетсек, ҚР Президентінің 2019 жылғы 25 ақпандағы № 856 Жарлығымен Ерболат Досаев ҚР Ұлттық банкі төрағасының лауазымына тағайындалған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу