Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 3 қарашада Қазақстанға келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Түркия президенті Реджеп Ердоғанның Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы мерейтойлық саммитіне сапары 3 қарашаға жоспарланған. Біз оны жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізуге келістік", - деді СІМ министрі дүйсенбі күні Астанада журналистерге.
Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммиті Қазақстанның оңтүстігінде Түркістан қаласында өтеді деп жоспарланған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу