Ердоған: Әділетсіздік болған жағдайда үнсіз қалмауымыз керек

344

Түркия Израиль-Палестина арасындағы қақтығыста гуманитарлық ұстанымға берік.

Ердоған: Әділетсіздік болған жағдайда үнсіз қалмауымыз керек Фото: akorda.kz

Бұл туралы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Астанада өтіп жатқан Түркі мемлекеттерінің ұйымының мерейтойлық саммитінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Зардап шеккендерге көмекке көрсетуіміз керек. Әділетсіздік болған жағдайда үнсіз қалмауымыз керек. Қазір үлкен трагедия Палестинада болып жатыр. Мешіттер, әртүрлі босқындардың лагерлері және ауруханалар бомбыланып жатыр. Кінәсіз балалар өліп жатыр. Бұл зорлық-зомбылықты ақтайтын ешқандай мүмкіндік жоқ. Қарапайым сөзбен айтатын болсақ, адамзатқа қарсы қылмыстар 28 күн бойы Газада болып жатыр. Түркияда гуманитарлық ұстанымға берікпіз. Осы қақтығыс басталғаннан бері үнемі айтып келе жатырмыз. Біз бейбіт халыққа қарсы шабуылды ешқашан қолдамаймыз. Біздің негізгі басымдығымыз – гуманитарлық көмек көрсету және қарулы қақтығысты аяқтау. Мұсылман, христиан немесе еврей болсын, барлығы бейбітшілікте өмір сұру керек", - деді Түркия басшысы.

Режеп Тайип Ердоғанның сөзінше, Түркия гуманитарлық көмек ретінде осы өңірге 10 ұшақ жіберген. Бұдан бөлек ол жаңа гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екендерін де баса айтты. 

"Қазіргі кезде Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс та өзінің кері ықпалын тигізіп жатыр. Біз әділеттілік пен бейбітшілікті қолдаймыз. Сонымен қатар Ауғанстанда бейбітшілікті орнату жалпы өңірдегі қауіпсіздікті сақтауға мүмкіндік береді", - деп атап өтті ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу