Ердоған АҚШ-тың Израильмен бірге жеңілетінін айтты

1591

Түркия басшысы бүгін бірқатар зілді мәлімдемелер жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты TRT HABER агенттігіне сілтеме жасап.

Ердоған АҚШ-тың Израильмен бірге жеңілетінін айтты Фото: russian.rt.com

Парламент жиынында бір сағаттай сөз сөйлеп, Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты ұстанымын жеткізді.

Ол "АҚШ-ты әлемді әділеттілікпен басқарғысы келмейді" деп айыптады. "Батыс елдері шындықтан қашқанын" мәлімдеді.

Сөзін жалғап, "Түркия Хамасты террористік ұйым деп санамайтынын", керісінше олардың Палестина халқы үшін күресіп жатқанын атап өтті.

Израильді "Газа аумағын аяусыз жаншып, жазықсыз жандарды (аналар мен балалар) қырғынға ұшыратты" деп қатаң айыптады.

Израильге бару ойынан бас тартып, "Түркияның ниеті дұрыс болғанын, алайда оны Израиль теріс пайдаланғанын" жеткізді.

Израиль тарапы дереу кері пікір білдіріп, Ердоғанды "террористік ұйымды қолдады" деп кінәлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу