Реджеп Тайып Ердоған түрік қауіпсіздік күштерінің жер жастандырылған ДАИШ басшысы Әбу Бакр әл-Бағдадидің баласын ұстағанын мәлімдеді.
"Зерттеу нәтижесі оның әл-Бағдадидің баласы екенін растады. Қолға түсірілген туыстары қазір Түркияның депортациялық орталығында. Олардың болашағына қатысты шешімді әділет министрі қабылдайды", - деді Ердоған.
Бұған дейін Түркия президенті ДАИШ басшысының әйелін, апасын және күйеу баласын қолға түсірілгенін жариялаған болатын.
27 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамп Сирияның Ідліб провинциясында жүргізілген арнайы операция барысында "Ирак және Левант" лаңкестік ұйымы басшысының жан тапсырғанын мәлім еткен болатын. Трамп операцияны жүзеге асыруға атсалысқан Ресей, Ирак, Сирия және Түркия мемлекеттеріне алғысын білдірді. Ресейдің Қорғаныс министрлігі әл-Бағдадидің өліміне қатысты нақты ақпарат бере алмайтынын жеткізді. Ал әлем қауымдастығы болса, ДАИШ жетекшісінің жер жастандырылуы жеткіліксіз, лаңкестікпен күресті әлі де жалғастыра беру керектігін айтуда.
Табиғат Нұрболат