Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ақтауда AZAL ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Әзербайжан халқына көңіл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ердоған Әзербайжанға тиесілі ұшақтың апатқа ұшырағанын естіп, қатты қайғырғанын атап өтті.
"Біздің халқымыздың атынан бауырлас Әзербайжан мен Қазақстанға көңіл айтамын. Аман қалғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін", – деді ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу