Бұл туралы Түркияның Anadolu агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Кездесу Эсенбог әуежайының құрметті қонақтарына арналған залда баспасөз үшін жабық режимде өтті.
Бұған дейін Блинкен Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлымен кездесті.
Ол сондай-ақ 6 ақпанда Түркияның оңтүстігі мен Сирияның солтүстігінде болған жер сілкінісінен ең көп зардап шеккен провинциялардың біріне тікұшақпен барып, көмек ретінде тағы 100 миллион доллар бөлуге уәде берді.
Блинкен екі жыл бұрын қызметке кіріскеннен бері Түркияға алғашқы сапар шекті. Ол Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясына қатысқаннан кейін 19 ақпанда Адана маңындағы Инжирлик авиабазасына келді.