Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған БҰҰ ыдырап кетпес үшін реформа қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"БҰҰ-да реформа жүргізіліп, оның әділетсіз құрылымы өзгертілуі керек. Ұйым әлдеқайда функционалды болуы керек, санкция арқылы тежей алатын күші болуы тиіс. БҰҰ жойылып кетпес үшін осындай шара қолдану керек", - деді ол.
Ердоған "Таяу Шығыс қақтығыс кезінде, яғни мұсылмандар қаза тауып жатқан уақытта БҰҰ қол қусырып қарап отыр" дегенді айтты.
"Мен әрқашан әлемдік жүйенің әділетсіз екенін, халықаралық ұйымдар әлемдік тәртіпті тек бес елдің мүдделеріне сәйкес бағыттайтынын айтып жүрмін, айта да беремін", - деді ол.