Ердоған: Ей, Батыс! Сен тағы соғыс бастағың келе ме?

1536

Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен Палестинаны қолдау жиынында Режеп Тайып Ердоған осылай деді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ердоған: Ей, Батыс! Сен тағы соғыс бастағың келе ме? Фото: RTErdogan

Айтпақшы, алаңға 1,5 млн адам жиналған.

Жиында сөз сөйлеген Ердоған Газадағы қырғынға Батысты кінәлады.

Израильдің "бейкүнә балалар мен аналарды, қарттарды өлтіріп жатқанын айтып, мұнысын әскери қылмыс" деп айыптады. Израильді "басқыншы, мемлекет емес, ұйым" деп атады.

Ал сусыз, жарықсыз, тіпті азықсыз Газа халқын әлем көріп отырғанын, бірақ ешкімнің үндемейтініне ашынды.

"Кеше Украинаға көз жасын көл қылғандар, бүгін Газаға күле қарап отыр" деді…

Мынадай мәлімдемеден соң Израиль елшілерін дереу Түркиядан кетуге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу