Ердоған: "Халық 14 мамырда өз таңдауын жасайды"

997

Қахраманмараштағы жер сілкінісінен соң "сайлау кейінге шегерілуі мүмкін" деген қауесет тарады.  

Ердоған: "Халық 14 мамырда өз таңдауын жасайды" Фото: aa.com.tr

Түркия Президенті әрі "АК" партиясының төрағасы Режеп Тайып Ердоған бүгін партияның парламенттік топ отырысында сөз сөйледі. Онда сайлау күні туралы пікірталастарға да тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Түркияның 11 қаласын қамтыған зілзаладан кейін ел арасында "Сайлау кейінге қалдырылуы мүмкін бе?" деген сұрақ туындады. Бүгін Түркия Ұлы Ұлттық мәжілісінің топ отырысында сөз алған Президент бұл сұраққа нүкте қойды:

"Бұл халық 14 мамырда өз таңдауын жасайды", - деді Ердоған.

Сонымен қатар осы күнге дейін сайлауға қатысты оппозиция тарапынан айтылған қауесеттерді жоққа шығарды: 

"Оппозициялық топ сот жүйесіне билік бағыт беріп жатыр дейді. Мұны айтудың өзі ұят. Ердоғанның Түркияда бұл мәселеде қалай әрекет ететінін Раббым біледі, ал сіздер түсінбейсіздер. Сен алдымен өзіңді түзе", - деді оппозициялық топқа қарата айтқан Президент.

Айта кетейік әзірге сайлаудағы Ердоғанның қарсыласы белгісіз. Ертең алты жақты үстел отырысында оппозициялық топтан кандидат таңдалады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу