Ердоған қайта президенттікке түсуі мүмкін екенін білдіріп қойды

Ол өзінің саяси жоспары туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.  

Ердоған қайта президенттікке түсуі мүмкін екенін білдіріп қойды Фото: Риа Новости

Десе де, президенттік сайлауға қатысуы туралы ойын Түркияның танымал әншісі Ибрагим Татлысеске берген жауабында айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шанлыурфа провинциясында өткен Әділет және даму партиясының 8-ші съезінен кейін сайлауға қатысу жайындағы сұрақты Ердоғаннан танымал әнші сұраған. 

"Егер сен жақтасаң, мен де қолдаймын" деп күліп жауап берген Түркия президенті. 

Жалпы, Ердоған өзінің саяси жоспары жайынша әзірше ресми мәлімдеме жасамаған, бірақ Президенттің бұл сөзі елдің саяси және қоғамдық ортасында қызу пікірталас тудырған. 
Түркия президентінің бас кеңесшісі Мехмет Учум Ердоғанның жаңа мерзімге ұсынылуы парламент 2027 жылдың екінші жартысында мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешім қабылдағанда мүмкін екенін айтқан. Сонда ғана оның жаңа кандидатурасының құқықтық шарттары ел заңнамасына сәйкес саналады.

Айта кетейік, Режеп Тайып Ердоған – 2014 жылдан бері Түркияның президенті, оған дейін 10 жылдан аса елдің премьер-министрі қызметін атқарды. Оның басқаруында елдің саяси жүйесіндегі елеулі табыстар және өзгерістер айқын байқалса, парламенттік жүйеден президенттік басқару формасына көшуі де ерекше жайт болды.

Түрік басшысы елдің ықпалын белсенді түрде күшейтіп, Палестинаны қолдап, Сирияға қатысты пікірін де ашық айтуда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу