Ердоған келесі президенттік сайлауға қатысады

978

Бұған дейін билеуші Әділет және даму партиясы мен Ұлттық қозғалыс партиясы бірігіп "Халық альянсын" құрған болатын.

Ердоған келесі президенттік сайлауға қатысады

Түркияның қазіргі Президенті Режеп Тайып Ердоған 2023 жылғы президенттік сайлауға қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. Ол "Халық альянсы" атынан үміткер ретінде тіркеледі. 

Кезекті президенттік және парламенттік сайлау 2023 жылдың маусым айында өтеді. Билеуші Әділет және даму партиясы мен Ұлттық қозғалыс партиясы бірігіп бұрын "Халық альянсын" құрған болатын.

Ұлттық қозғалыс партиясы өкілі Девлет Бахчели: "Ердоған мырза және "Халық альянсының" 2023 жылғы сайлауда жеңіске жететініне және сенімдімін", – деді.

Режеп Тайып Ердоған 2003 жылдан 2014 жылға дейін Түркия премьер-министрі қызметін атқарды. 2014 жылы ол елдегі алғашқы тікелей президенттік сайлауда жеңіске жетті, төрт жылдан кейін өткізілген мерзімінен бұрынғы саяси тартыста ол қайтадан мемлекет басшысы болып сайланды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу