Ердоған күрдтерге қарсы операцияның мақсатын жариялады

961

Операцияға арнайы күштер мен әуе күштері қатысуда.

Ердоған күрдтерге қарсы операцияның мақсатын жариялады Фото: reuters.com

Күрдістан жұмысшы партиясына қарсы әскери операцияның мақсаты – Ирактағы жаңа аумақтарды басып алу емес. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біздің операцияның мақсаты – Ирак аумағын террористерден тазарту, сонымен қатар шекарамыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Түркия жер жаулап алуды көздеп отырған жоқ", – деді Ердоған.

Бұған дейін Түркияның Қарулы күштері Ирактың солтүстігінде Күрдістан жұмысшы партиясының содырларына қарсы жаңа әскери операцияны бастағанын мәлімдеді. Операцияға арнайы күштер мен әуе күштері қатысуда. Түркияның Қорғаныс министрі Хулуси Акара ұшақтар күрдтердің баспаналарына, бункерлеріне,қоймаларына соққы жасалғанын хабарлады.

1984 жылдан бері Күрдістан жұмысшы партиясы Түркиядағы күрдтердің саяси құқығы талап етіп, елдің құрамында автономия құру үшін қарулы күрес жүргізіп келеді. Түрік билігі мен күрдтер арасындағы бітім 2015 жылдың шілдесінде тоқтатылды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу