Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 5 қарашада Қырғызстанға мемлекеттік іссапармен келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің жетекшісі Мұратбек Азымбакиевтің мәліметінше, сапар барысында Қырғызстан мен Түркия басшылары шағын құрамда кездеседі, сондай-ақ Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі жоғарғы кеңестің алтыншы отырысын өткізеді.
Сапар қорытындысы бойынша екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты кеңейту мен мемлекетаралық қатынастарды нығайту бағытында бірнеше маңызды құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу