Ердоған Қырымды Украинаға қайтаруды талап етті

2974

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қырымның Украинаның бақылауына қайта берілуі "халықаралық құқықтың талабы" деп мәлімдеді. 

Ердоған Қырымды Украинаға қайтаруды талап етті Фото: Radio Moldova

Түрік көшбасшысы "Қырым платформасы" төртінші саммитінің қатысушыларына бейне үндеуінде осындай пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Түркия [әскери қақтығысты] Украинаның аумақтық тұтастығы, егемендігі мен тәуелсіздігі негізінде әділ әрі берік бейбітшілікпен аяқтағысы келеді", — дейді Ердоған (Anadolu дәйексөзі).

Түркия басшысы оның елі Қырымның Ресейге кіргенін ешқашан мойындамағанын еске салды. Ол сондай-ақ түрік сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі "Қырымның байырғы халықтарының бірі қырым татар түріктерінің қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету" екенін атап өтті.

Өткен жылдың қыркүйегінде ғана түрік президенті Ресейді "Қырымнан кетуге мәжбүр етуге" болатынына күмән келтірген болатын.

Ресейдің жауабы

Ердоғанның мәлімдемесіне жауап ретінде Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова Ресей өңірлері ешқандай келіссөздердің тақырыбы бола алмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, Мәскеу "жылдар бойы" Анкараға ресми арналар арқылы өз ұстанымын түсіндіріп келеді.

"Ресей өңірлері – Ресей Федерациясының аумағы. Біздің Конституциямызды оқыңыз. Ешқандай келіссөздердің мәні жоқ", - деді Захарова брифингте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу