Ердоған: Мақсатымыз – Путин мен Зеленскийдің келіссөзін Түркияда ұйымдастыру

489

Бұған дейін Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Украина қаласы Львовқа барып, БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттериш және Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездескен болатын.

Ердоған: Мақсатымыз – Путин мен Зеленскийдің келіссөзін Түркияда ұйымдастыру

Түркия Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер процесі үшін өз алаңын ұсынуға дайын. Бұл туралы Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

"Біздің мақсатымыз – бейбітшілікке қол жеткізу үшін Путин мен Зеленский арасындағы келіссөздерді Түркияда ұйымдастыру", – деді Ердоған.

Сонымен қатар ол Украинаның порттарынан жүзеге асырылатын астық экспортын қалпына келтірудің маңыздылығын атап өтті.

Ердоғанның айтуынша, бұл украиналық астықты тұтынатындар үшін өте маңызды.

Бұған дейін Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Украина қаласы Львовқа барып, БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттериш және Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездескен болатын. Ердоған Анкараның Ресей мен Украина арасындағы соғысты дипломатиялық жолмен тоқтатуға өз үлесін қосуға дайын екенін айтып, қос көшбасшыны Түркияда келіссөз өткізуге шақырды. Ол МАГАТЭ-ге ЗАЭС-тегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдауды ұсынды.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу