Ердоған мен Байден Вильнюста кездесті

418

Екі ел басшыларының кездесуі 1 сағат 15 минутқа созылды.

Ердоған мен Байден Вильнюста кездесті Фото: Anadolu Agency

Литва астанасы Вильнюста өтіп жатқан НАТО саммиті аясында Түркия мен АҚШ президенттері екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Кездесу алдында президент Режеп Тайып Ердоған стратегиялық механизм аясында АҚШ-пен мемлекет басшылары деңгейінде кеңесетін уақыт келгенін айтты. Ол НАТО саммиті кезінде АҚШ президенті Джо Байденмен болған кездесуді осы бағыттағы алғашқы қадам деп санайтынын атап өтті.  

Бұдан кейін Ердоған Байденге сайлаудағы жеңісінен соң қоңырау шалып құттықтағаны үшін алғыс айтты.

Ал ақ үй басшысы болса, алдағы бес жылда әріптесімен кездесуді асыға күтетінін жеткізді.

Сонымен қатар, Байден Ердоғанға Швецияға қатысты жүргізген дипломатиясы мен көрсеткен көшбасшылығы үшін ризашылығын білдірді.

Бұдан бөлек Ердоған әріптесі Байденге алда болатын президенттік сайлауда сәттілік тіледі. 

Түрік басшысы бүгінге жоспарланған баспасөз мәслихатында аталмыш кездесу туралы мәлімдеме жасайды деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу